Текст
Бүгін мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Кішкентай бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылды, бұл олардың білім жолының бастауы болды. Ал түлектерімізді алда жауапты да маңызды жыл күтіп тұр. Оқушыларымыздың салтанатты жиынына «Біржан сал ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Арман Жасырбайұлы Әлжанов келіп оқушыларымызды құттықтады. Ол барлық балаларға, мұғалімдерге, ата-аналарға сәттілік тіледі